05.09.2023, 01:30

Елімізде пәтер құны 5 пайызға арзандады

Фото: Pixabay
Сарапшылар мұны сұраныстың азаюымен байланыстырады.

Екінші деңгейлі нарықтағы баспана тағы арзандады. Бұл әсіресе, соңғы 5 айда байқалып, пәтерлердің құны 5 пайызға дейін түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Бағаның төмендеуін 17 қаланың 12-сінен байқауға болады. Екінші нарықтағы үйдің ең арзаны – Қызылордада. Мұнда бір шаршы метр баспана 234 мың теңге. Ал ең қымбат пәтер Алматы қаласында. Баспананың әр шаршы метрі 703 мың теңге деп бағаланған.Сарапшылар мұны сұраныстың азаюымен байланыстырады.