05.09.2023, 03:30

Азия чемпионаты: Қазақстандық волейболшылар Үндістаннан басым түсті

Фото: Shutterstock
Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатына 12 мәрте қатысып отыр.

Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық волейболшылар плей-офф сатысында Үндістаннан 3:0 (25:17, 25:17, 25:21) есебімен тізе бүктірді.

Бұдан бұрын олар жарыстың аталған сатысында Жапонияға 0:3 (13:25, 20:25, 18:25) есебімен есе жіберген еді.

Енді ел құрамасы 5-8 орындар үшін сынға түседі. Алдымен 5 қыркүйекте Австралиямен кездеседі. Жеңсе 6 қыркүйекте одан кейін 5, жеңілген жағдайда 7 орын үшін таласады.

Ал топтық кезеңде қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түсті. Алдымен Филиппинді тай-брейкте 3:2 (25:21, 17:25, 24:26, 27:25, 15:6), одан кейін Гонконгты 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебімен сүріндірсе, Қытайдан 0:3 (12:25, 21:25, 10:25 ) есебімен жеңілді.

Айта кетсек, қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатына 12 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең үздік жетістігі – 2005 жылы алған күміс медаль.

Дереккөз: ҚазАқпарат