$ 494.87  520.65  4.91

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Өңірдің жаңа әкімі Ербол Қарашөкеев болды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарашөкеев Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылған болатын. Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі болып 2021 жылдың күзінде тағайындалып, 2023 жылдың сәуірінде ол осы лауазымға қайта тағайындалды.

Айта кетейік, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов 2023 жылдың 4 қыркүйегінде су ресурстары және ирригация министрі қызметіне тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары