$ 494.87  520.65  4.91

Лионель Мессиге шабуыл жасалды

Алайда ол футболшыға тиген жоқ.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Үздік бомбардир Лионель Мессиге Жоғары лига турнирінде жанкүйер шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ойыншыға бөтелке лақтырған жанжалды сәт видеоға түсіп қалды. Месси "Интер Майами" клубына қарсыластары Лос-Анджелес командасын жеңуге көмектескені үшін көрермендердің қарсылығына ұшырады. 

"Интер Майами" жеңісінен кейін Лионель Мессиге көрермендер су бөтелкесін лақтырды. Екі рет нәтижелі пас берген Месси өз қорғаушысымен алаңнан шығып бара жатқанда, оған бөтелке лақтырылды. Алайда ол футболшыға тиген жоқ, - деп жазады Daily Mail.

Ал келесі бір кадрден Мессиді жанкүйері ойын алаңында құшақтап алғанын көруге болады. Алайда оны футболшының қорғаушысы ортадан алып кетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары