05.09.2023, 16:40

Қызылордада ер адамның мәйіті табылды

Фото: pixabay
Бірнеше жерден пышақталған.

Қызылорда қаласындағы саяжайлардың бірінен 57 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Полицияға тұрғын үйдің бірінде бірнеше жерден пышақ жарақатын алған 57 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түскен.

Адам өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.