Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың ел халқына жасаған Жолдауы талқыланды.
Талқылауда биылғы Жолдаудың Президенттің осыған дейінгі жүргізіп келе жатқан саяси курсының заңды жалғасы екендігі сөз болып, атқарылған қайта құрулар барысында мемлекетімізде іргелі оң өзгерістер орын алғаны айтылды. Нәтижесінде,азаматтардың билікке деген сенімі нығайып, мемлекетті басқару ісіне қатысу белсенділігі күрт артқандығы тілге тиек етілді.
Жиынға қатысушылар осы Жолдауда әлеуметтік – экономикалық реформаға басымдық берілгендігін атап өтіп, оның ауылды аймақтар мен ауылшаруашылығына қатысты тұстарын, атап айтқанда, су мәселесіне және отандық агроөнеркәсіп кешеніне байланысты тапсырмаларын кең талқыға салды.
Партия активі, Мемлекет басшысының қазіргі уақытта өте өзекті мәселеге айналып отырған су саласын басқаратын Су шаруашылығы және ирригация министрлігінің негіздеу шешімін, сонымен бірге, алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін жеткізу, тозған ауылшаруашылығы техникалары паркін жыл сайын 8-10 пайызға жаңалап отыру бойынша тапсырмасын ауыл аймақ пен ауылшаруашылығы саласының дамуына тың серпін беретін қадам деп бағалады.
Жиын соңында оған қатысушылар Президенттің жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруда «Ауыл» партиясы активінің, Партияның өңірлік филиалдарының толықтай қолдайтындықтарын білдіріп, отырыс қорытындысында Жолдауды қолдау бойынша отандастарға арнайы үндеу қабылдады.