05.09.2023, 18:20

Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды

Фото: facebook.com/rakishevkenes
Биыл ол UFC-ден шығарылған болатын.

Белгілі файтер Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының перзиденті, меценат Кеңес Рақышев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Біздің Rukh атты клубымызға UFC-тің тағы бір жауынгері қосылды. Сіздерге қазақ батыры Жалғас Жұмағұловты ерекше таныстырудың қажеті жоқ: көпшіліктің сүйіктісі, ашық мінезді және шынайы жігіт Жалғас керемет жекпе-жектер мен әдемі жеңістерді көрсету мүмкіндігін асыға күтуде. Дамир Ысмағұлов, Жәнібек Әлімханұлы мен Садриддин Ахмедов сияқты жауынгерлер қосылған клубымызда оған сәттілік тілеп қояйық, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.