Жаз мезгілінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары суда 136 адамды құтқарды, оның 51-і балалар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Суға шомылу маусымы басталмас бұрын және оны өту кезінде тұрғындармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Барлық жерде жүргізілген жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам суға баттып, оның ішінде 53 кәмелетке толмағандар. Салыстыру үшін: өткен 2022 жылғы шомылу маусымында 184 адам суға батып кетті (-4%), соның ішінде 62 кәмелетке толмағандар (-15%).
Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда суда шомылған. Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күштерін асыра бағалау, мас күйінде суға түсу, жүзе алмау. Ал балалардың суда өлуінің басты себебі – оларды ересектердің қараусыз қалдыруы.
Жалпы республика бойынша суда жаппай демалуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, суға түсуге тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.
Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу аймақтары туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған.