$ 494.87  520.65  4.91

«Кезекті ақпараттық шабуыл»: Тұрлыханов басы дауға қалған ұлына қатысты мәлімдеме жасады

Осы болған жағдайды дұрыс түсінулеріңізді сұраймын.
Видеодан кадр: instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov
Видеодан кадр: instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Instagram-дағы ресми парақшасында ортаншы ұлына қатысты даудың толық видеосын жариялап, оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Бір-бірін қатты жақсы көретін шығар»: Тұрлыханов дауға іліккен тағы бір ұлын ақтады

Бүгінгі әлеуметтік желілерде менің ұлыма қатысты тараған видео бойынша түсінік беруді жөн көрдім. Өздеріңіз білетіндей, менің әулетім айналасындағы мұндай оқиғалар бірінші рет емес. Осындай оқиғалардың заңдылықпен қайталануы менің көңіліме еріксіз ой салады. Мен өз тарапымнан балаларыма толықтай әкелік, қазақы тәрбие бердім. Бүгінгі видеоға қатысты менің де қоятын бір сұрағым бар. Таңғы сағат 4-те мұндай азаматшалар ұлым тұратын үйге келіп, неге ондай оқиғаға бастау болатыны түсініксіз және бұл жағдай аяқ астынан камераларға түсіп қалып, белгілі бір адамдарға пайдалы қиындыларының ақпарат құралдарына тарауы, менің ғана емес, кез келген адамның көңіліне күмән келтіреді, - дейді депутат.

Ол бұл оқиғаны кезекті ақпараттық шабуыл деп санайтынын жеткізді.

Бұл менің отбасыма соңғы жылдары жасалған кезекті ақпараттық шабуыл деп ойлаймын. Видеоны аңғарған адамға менің баламның бұл жанжалдан барынша қашқақтауға әрекет жасағаны анық көрінеді. Сіздерге түсінікті болу үшін видеоның толық нұсқасын жолдап отырмын. Осы болған жағдайды дұрыс түсінулеріңізді сұраймын, - деп жазды Дәулет Тұрлыханов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары