$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жәрдемақыға жан баққандардың саны артқан

Бұл соңғы 5,5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Шілде айында 53,8 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алған. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1%-ға артық, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 96,4%-ға көп, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, соңғы 8 айда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылар санының тұрақты өсуі байқалып отыр. 

Шілде айында төлемнің орташа мөлшері 65,3 мың теңгені құрады. Бұл соңғы 5,5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Алайда ең төменгі жалақы мөлшерінен 5 мың теңгеге аз. Шілде айында жұмыссыздық бойынша жәрдемақылардың жалпы сомасы 4,3 млрд теңгені құрағаны да таңқаларлық жайт емес, - делінген хабарламада.

Дереккөз: Ulysmedia.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары