$ 443.44  480.51  4.88

Түркияда ірі жол апатына түскен тағы бір қазақстандық көз жұмды

Айта кетейік, бұған дейін біз жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Түркияда ірі жол апатына түскен тағы бір қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Анталья қаласындағы ірі жол-көлік оқиғасынан белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан екі жасар қызымен бірге қайтыс болған еді. Stan.kz жазуынша, бүгін оның ауруханада ес-түссіз ауыр жағдайда жатқан жұбайы да өмірмен қоштасқан. 

Айта кетейік, бұған дейін біз жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз. Оның алтауы Түркия, жетеуі Израиль, екеуі Ресей, екеуі – Қазақстан азаматтары. Қайғылы жайтқа орай Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қайғырып көңіл білдірген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары