Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды қорлап-зорлау және өлтіру дерегі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы заңгер Талғат Есімов өзінің Telegram-арнасында жазды.
Атышулы істі қарау кезінде сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кез келген оқиғаның алдын алу мақсатында сот процесі басқа облыстағы тергеу изоляторының аумағында өтеді. Менің жеке ұстанымым – бір ғана үкім шығарылуы керек, яғни сотталушыны өмір бойы қоғамнан оқшаулауға тиіс, - деп жазды адвокат.
Кей ақпарат көзі күдіктіге үкім бүгін шығатынын хабарлаған.