$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.
Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Akorda.kz.

Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары