$ 498.34  519.72  4.85

Бурабайдағы «Rixos» қонақ үйінің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалды

Оның ішінде 7 адам жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

«Rixos» қонақ үйінің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалды, оның ішінде 7 адам жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қонақүй қызметшілері арасында бактериялық ішек инфекциясының 17 жағдайы тіркелген.  Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 7-еуі Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылған, ал қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды. 

Қазіргі кезде «Бурабай» санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Rixos» қонақүйінің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынды, зертханада тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, қызметшілер тексеріліп, эпидемияға қарсы шаралар жалғасады, - деді Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары