«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында 818 білім беру грантын тағайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Білім гранттары иегерлерінің тізімін қордың сайтынан көруге болады.
Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның мына критерийлері бойынша берілді:
- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан - 197 талапкер немесе 24,1%;
- жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар - 177 талапкер немесе 21,6%;
- мүгедектігі бар - 181 талапкер немесе 22,1%;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан - 261 талапкер немесе 31,8%;
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған ҚР азаматтарының балалары - 2 талапкер;
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жараланған балалар - 1 талапкер.