Геннадий Головкин футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчына Нью-Йорктен Астанаға ұшып келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық боксшы бұл туралы әлеуметтік желісіне жазды.
Жақында үйде боламыз. Ұлттық құрамамызды қолдау үшін 10 қыркүйекте футболда кездесеміз, - деп жазды Г.Головкин Instagram-парақшасында.
Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы – сағат 19.00-де.
Еске салайық, кеше 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында «Астана-Аренада» Қазақстан Финляндиямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.