$ 495.2  522.34  4.94

Ленин ескерткішін жөндеуге ақша бөлген әкім өз еркімен қызметінен кетті

Еске салсақ, биыл тамыз айында Шығыс Қазақстандағы Алтай қаласында жөнделіп жатқан Ленин ескерткіші қирап қалған болатын.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин өз еркімен қызметін босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ернар Мұстафин 2022 жылдың қыркүйек айында Алтай ауданының әкімі болып тағайындалған болатын. Осы лауазымда бір жылға жуық қызмет еткен ол өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш берген.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиевтың айтуынша, аймақ басшысы Ермек Көшербаев бұл өтінішке қол қойды. Енді оның орнына Алтай ауданы әкімінің міндетін Ренат Құрмамбаев атқарады.

Ренат Тілеуханұлы 1980 жылы 25 қаңтарда Катонқарағай ауданында дүниеге келген. «Инженер-педагог» және «заңгер» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1998 жылы Катонқарағай ауданы Жаңауыл орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Мемлекеттік қызметке алғаш рет 2003 жылы Катонқарағай ауданының жастармен жұмыс жөніндегі мәдениет бөлімінің бас маманы болып орналасты.

2019-2021 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі болып қызмет етті. Осыдан бір ай бұрын Алтай ауданы әкімнің орынбасары болып тағайындалған.

Еске салсақ, биыл тамыз айында Шығыс Қазақстандағы Алтай қаласында жөнделіп жатқан Ленин ескерткіші қирап қалған болатын.

Кейін Алтай ауданының әкімдігі не себепті Ленин ескерткішін жөндеуге қаражат бөлгенін түсіндірген еді.

Таяуда Ленин ескерткішінің маңына белгісіз біреу «Ленинді қайтарыңдар!» деп жазып кеткен. Қазіргі уақытта оны полиция іздестіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО #әкім #Ленин