$ 495.2  522.34  4.94

Тағы бір мектепте оқушылар тапталып қалды (ВИДЕО)

Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясында екі ауысымда 2866 бала оқиды.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақмола облысы Білім басқармасы Көкшетау мектептерінің бірінде тапталып қалған оқушыларға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Көкшетау қаласында №1 мектепте оқушылар мектеп дәлізінде құлап, тапталып қалған видеосы тараған болатын. 

Осы жайтқа қатысты Ақмола облысы Білім басқармасы түсініктеме берді.

Мәліметке сәйкес, Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясында екі ауысымда 2866 бала оқиды. Білім беру ұйымы үш ауысымда оқитын мектептердің қатарында емес.

Сабақтар штаттық режимде өтіп жатыр. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан кейін Ақмола облысының Білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Бұл факт оқу сабақтары аяқталғаннан кейін, мектеп дәлізіне барлық сыныптар оқу кабинеттерінен бір уақытта шыққан кезде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі оқушылардың үзіліске шығу және сабақтан шығу кестесі реттеді, - делінген хабарламада.

Қажетті шараларды уақтылы қабылдамаған мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары