Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жармақ болған. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қазақстанда террористік қауіп тұрақты түрде сақталып отыр. Жыл сайын кем дегенде 2 террористік шабуылдың алды алынады. Мысалы, биыл ғана дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Сондай-ақ, Астанада адамдар жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды. Бізге келіп түскен ақпарат «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін террористік қатерлердің қалыптасуы бірқатар үстем фактордың әсерінен болады» деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді», - деді Руслан Сейсембаев Астанада өтіп жатқан ШЫҰ отырысында.