Соңғы жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи
Түркістанда үйлері бұзылуы тиіс тұрғындар әкімдік тарапынан қоқан-лоқы көріп отырғандарын айтты

Түркістанда үйлері бұзылуы тиіс тұрғындар әкімдік тарапынан қоқан-лоқы көріп отырғандарын айтты

Түркістанда мемлекет қажеттілігі үшін үйлері сүрілгелі жатқан жұрт енді мүлдем далада қалатын болдық деп шағымданды. Тұрғындар Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңайындағы жерлерге туристерге арналған кешен салғысы келген әкімдік нарықтан әлдеқайда төмен баға беруде дейді. Ал 167 үй бір жарым айда босатылуы тиіс екенін айтқан әкімдіктегілер баға мәселесін сот арқылы шешуге болатынын алға тартты деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Елге турист тарта алмай жатқанда Ясауи кесенесі шетелдіктерге кіру билетін екі жарым есеге қымбаттатты

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру шетелдіктер үшін 2,5 есеге қымбаттап отыр. Қазақстан азаматтары үшін билет - 200 теңге, шетелдіктер үшін - 500 теңге деп жазады Otyrar.kz.

Ясауидің бұрын-соңды белгісіз болып келген хикметтері табылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Қожа Ахмет Ясауидің 100-ге жуық еш жерде жарияланбаған хикметтері табылды деп жазады Қазақпарат.

Мәдениет министрлігі әулиелі орындардан халықты бездіру үшін тапсырма алған болуы мүмкін

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Әзірет Сұлтан қорық-мұражайын бизнес көзіне айналдырып отырған жоқ па деген мәселені бұған дейін көтерген болатынбыз. Сөйтсек, бұл жерде министрдің де, ол басқарып отырған министрліктің де кінәсі жоқ секілді. Мәселенің артында билікте отырған "діндар" шенеуніктер тұруы әбден мүмкін. Өйткені, халықты әулиеден бездіру, салт-дәстүрден бездіру тек сондай топтар үшін ғана керек.

Арыстанбек Арыстан бабты бизнеске айналдырып отыр ма?

Бизнестің де түр-түрі бар. Біреулер тауар алып-сатады, өзгелері түрлі қызмет көрсетуі мүмкін. Тіпті, кәсібін "сутенерлықтан" бастап, үлкен лауазымға жеткен шенділерді де кездестіруге болады. Ал, әруақтан ақша істеу, әулиені саудаға салу жақсы іс емес.