$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Көкшетау қаласының тұрғынынан 2006 жылы туған қызы Лейла Асхатқызы Тойбазарды іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жасөспірім 7 қыркүйек сағат 15.00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. Ол бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған.

Бойы – 155 см, арық денелі, қоңыр көзді, шаштары қара және қысқа, маңдайының оң жағында кішкентай тыртық бар. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті жилет, басына қара кепка киген.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды.

Полиция хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден Сәтбаев көшесі, 1 «а» мекенжайындағы Көкшетау қалалық ПБ-не немесе 8 (7162) 29 96 00, 8 707 119 87 19 телефондары арқылы хабар беруді сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары