Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев қызметінен әлі кетпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. Бұған дейін кәсіпкер Данат Жумин әлеуметтік желідегі парақшасында Украинада елші Дархан Қалетаевпен кездескенін жазды. Елші оны "дипломатиялық миссиясының аяқталуына арналған шараға" шақырды. Жумин елшілікте түскен фотосын да жариялады.
Киевке келген бойда елшілікке бардым. Сөйтсе, тура сол күні біздің Украинадағы елшіміз Дархан Қалетва өзінің дипломатиялық миссиясын аяқтады, - деп жазды Жумин.
Бірақ Дархан Қалетаевтың өзі елші қызметін аяқтағанын растаған жоқ.
Асықпаңыз, мен әлі елшімін, - деді ол бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.
Ал Сыртқы істер министрлігі елшілер тек президенттің жарлығымен ғана қызметінен босатылатынын еске салды.