09.09.2023, 21:30

Қызылорда облысында жүк көлігі толығымен өртеніп кетті

Фото: Қызылорда облыстық ТЖД Өрт сөндіру ж
Оқиға «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының 1 872 шақырамында болды.

Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының 1 872 шақырамында болды.

Шиелі ауданынан Ресейге бет алған «Volvo FH» шыққан жүк автокөлігінің тіркемесі толығымен жанды. Өрттің шығу себебі - тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған. Ол тіркемеге тиіп өртенген. Тіркемеде қауын тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен толықтай сөндірілді, - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.