$ 482.77  509.71  5
Жаңалықтар 09.09.2023 сағат 22:30

Атырау тұрғыны тонналап заңсыз мұнай сатқан

Алдағы уақытта көлеңкелі экономиканың алдын алу үшін акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралары жалғастырылатын болады.
Атырау тұрғыны тонналап заңсыз мұнай сатқан
Фото: Pixabay

Атырауда азамат 3 тонна мұнай өнімін заңсыз сатқаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды белсенді жүргізуде.

2023 жылдың қыркүйек айында осындай шаралардың нәтижесінде мұнай өнімдерін заңсыз жолмен сатумен айналысқан 1 жеке тұлға бойынша жалпы саны 3 тонна дизельдік отын анықталып, іс-материалдары әрі қарай шешім шығару үшін Әкімшілік сотына жолдануда, – деп жазды ведомстводан.

Сонымен қатар алдағы уақытта көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралары жалғастырылатын болады.

 

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар