$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Жаңалықтар 10.09.2023 сағат 20:30

Келесі жылдан бастап электр энергиясының тарифі қымбаттайды

Бұл жайында Ашық НҚА порталында Энергетика министрінің бұйрығында жазылған.
Келесі жылдан бастап электр энергиясының тарифі қымбаттайды
Фото: Pixabay

Бұл жайында Ашық НҚА порталында Энергетика министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұйрықта 2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 мың теңге (қазір 590 мың теңге), 2025 жылы 1215 мың теңге/МВт болуы тиіс екені айтылған. 2015 жылы энергия өндіруші ұйымдар салған инвестициялардың жиынтық көлемі 108 млрд теңге болған.

Бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді, - делінген бұйрық жобасында.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар