$ 441.58  480  4.86

Тоқаев Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуін тамашалауға барды

Сондай-ақ ойынды тамашалуға АҚШ-тан Қазақстанға танымал боксшы Геннадий Головкин де келген болатын.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуі басталды. Аталған ойынды тамашалауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сондай-ақ ойынды тамашалуға АҚШ-тан Қазақстанға танымал боксшы Геннадий Головкин де келген болатын.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Тапалов, Быстров, Марочкин, Әліп, Вороговский, Зайнутдинов, Бейсебеков, Тағыберген, Оразов, Самородовты қосты.

Ал Солтүстік Ирландия құрамасы сапында Пикок-Фаррелл, Баллард, Эванс, Макнейр, Хам, Макканн, Сэвилл, Чарльз, Макменамин, Кеннеди, Вашингтон жасыл алаңға шықты.

Ойын елорда уақытымен 19:00-де «Астана-Арена» стадионында басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары