$ 498.34  519.72  4.85

Маңғыстауда көпқабатты үйдің ортасына құлаған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Баланың жағдайы ауыр.
Фото: freepik
Фото: freepik

Ақтаудағы 16-шағынаудан 59-үйдің шатырынан көпқабатты екі үйдің ортасына құлаған 17 жастағы бала есін жиды, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері Мереке Бекбаевтың айтуынша, баланың жағдайы ауыр.

Баланың жағдайы - ауыр, тұрақты. Есін жиып, комадан шықты. Қазіргі таңда аппараттан алынып, өзі демалып жатыр», - дейді дәрігер.

Оқиға 8 қыркүйек күні сағат 22:45 шамасында болған. Зардап шегуші облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары