Ақтаудағы 16-шағынаудан 59-үйдің шатырынан көпқабатты екі үйдің ортасына құлаған 17 жастағы бала есін жиды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері Мереке Бекбаевтың айтуынша, баланың жағдайы ауыр.
Баланың жағдайы - ауыр, тұрақты. Есін жиып, комадан шықты. Қазіргі таңда аппараттан алынып, өзі демалып жатыр», - дейді дәрігер.
Оқиға 8 қыркүйек күні сағат 22:45 шамасында болған. Зардап шегуші облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген болатын.