$ 443.37  474.49  4.83

Қызылорда облысында екі кішкентай бала газдан уланып көз жұмды

Қайғылы оқиға бүгін таңертең Шиелі ауданында болған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қызылорда облысында жеке үйлердің бірінде екі бала газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметіммәлім еткендей, қайғылы оқиға 11 қыркүйекте сағат 7:15-те Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі жеке тұрғын үйде болған.

Н. Бекежанов көшесіндегі жеке тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша табиғи газдан уланып, 2017 және 2020 жылдары туған екі бала қаза болды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамнан 1 қызметкер барды, - делінген хабарламада.

ТЖД өкілдері газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары