$ 487.24  529.34  5.02

Қазақстан шахматтан алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты

Әйелдер арасындағы жарыс Польшада өтіп жатыр.
Фото: kazchess.kz
Фото: kazchess.kz

Шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты аясында Қазақстан алғаш рет финалға шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында қазақстандық шахматшылар Франция құрамасын 4:0 есебімен ұтты.

Қазақстанға жеңісті Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі: 2439), Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі: 2162), Алуа Нұрманова (FIDE рейтингі: 2170) және Әмина Қайырбекова (FIDE рейтингі: 1985) әкелді. Турнирге Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Ксения Балабаева (FIDE рейтингі: 2111) және Әсел Серікбай (FIDE рейтингі: 2120) қатысып жатыр, - делінген хабарламада.

Финалда Қазақстан құрамасы жартылай финалда АҚШ құрамасын 3,5-0,5 есебімен жеңген Грузия құрамасымен кездеседі.

Айта кетерлігі, бұған дейін қазақстандық әйелдер құрамас жарыстың ширек финалынан асып көрмеген болатын. Енді олар бас жүлдені сарапқа салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары