$ 495.2  522.34  4.94

Алматыда «Парасатты полицей» республикалық байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

Салтанатты марапаттау рәсімін департамент бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров өткізді.
Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД

Алматы қалалық Полиция департаментінде «Парасатты полицей» республикалық байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

3-4 қыркүйекте Тараз қаласында өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілді оқуға және қолдану аясын кеңейтуге бағытталған кезекті «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтті.

Байқаудың екі кезеңінің – «Жаңа Қазақстандағы полиция» және «Абай оқулары» кезеңінің қорытындысы бойынша Алматы полициясы командасы екінші орынды иеленді.

Жеңімпаздарға ПД-де құрмет көрсетілді.

Салтанатты марапаттау рәсімін департамент бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров өткізді.

Бір қызығы, алматылық команда түрлі ұлт өкілдерінен жасақталған. Бұл полицейлер Қазақстан халқын топтастырудың ең маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Ең бастысы: «Парасатты полицей» байқауы Қазақстан халқының тілдері күнін мерекелеуге арналған. Оның мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді дамыту, – деді Арыстанғани Заппаров.

Байқауға қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар дарындылығымен де ерекшеленді: олар әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындауда өздерінің шеберліктерін, әртістіктерін және тапқырлықтарын көрсетті, ал кәсіби терминдерді білу сайысында өз ойын мемлекеттік тілде дұрыс жеткізу қабілетімен ерекшеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары