$ 494.87  520.65  4.91

Алматы полициясы азаматтық қару иелерін тексеріп жатыр

Полиция қызметкерлері 1 мың 250 қару иесінің, оның ішінде 20 заңды тұлғаның заң бұзушылықтарын анықтады.
Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ тіркелген қаруды қолдана отырып қылмыс жасау деректерінің алдын алу мақсатында Алматы қалалық Полиция департаменті Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімі меншік иелері мен пайдаланушылардың азаматтық және қызметтік қаруды, оның ішінде арнайы жарғылық міндеттері бар заңды тұлғаларды, қару айналымы талаптарын сақтауын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іс-шара аясында азаматтық қарудың жеке иелеріне, қызметтік қаруы бар күзет ұйымдарына, қаладағы мамандандырылған дүкендерге 30 мыңнан астам тексеру жүргізілді.

Осындай іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қаруды сақтау жағдайларын, бекітілген сейфтің бар-жоғын, күзет дабылының жұмыс істеп тұрғанын, қарудың өзін, қарудың нөмірлерін оны сақтауға және алып жүруге рұқсат етілген нөмірлермен сәйкестігін тексереді. Сонымен қатар, қару иелерімен және пайдаланушылармен қаруды сақтау ережелерін қатаң сақтау, рұқсаттардың қолданылу мерзімін сақтау, сондай-ақ қару-жарақ саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің дәрежесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.

Спикердің айтуынша, қабылданған шараларға қарамастан, кейбір азаматтар қару мен оқ-дәрілерді сақтау ережелерін, оларды тіркеу және қайта тіркеу тәртібін де бұзып жатады.

Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері 1 мың 250 қару иесінің, оның ішінде 20 заңды тұлғаның заң бұзушылықтарын анықтады.

Бұзушылыққа жол бергені үшін көрсетілген қару иелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқықбұзушылықтар үшін салынған және өндірілген әкімшілік айыппұлдар сомасы 29 миллион теңгеден астамды құрады. Бір жыл ішінде бірнеше рет заңбұзушылыққа жол бергені үшін 4 жеке меншік иесіне және 1 заңды тұлғаға қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат қайтарып алынды, - деді подполковник Құлбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары