$ 443.44  480.51  4.88

Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды

Қасым-Жомарт Кемелұлы жарыстарыма сәттілік тілеп, маған қанат бітірді.
Фото: instagram.com/zhibek_bjj
Фото: instagram.com/zhibek_bjj

16 жастағы Жібек Құлымбетова Дубайда өткен AJP Tour Asia Continental Jiu-jitsu Championship 2023 - Professional жарысында бірден екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Күлгін» белбеудің иегері Жібек Құлымбетова аталған жарыста бірінші алтын медальді өз жасында, яғни, 16-17 жас аралығында, екінші алтын медальді 18 жастан жоғары спортшылар арасында жеңіп алды. 18 жастан жоғары спортшылар арасында үш кездесу өткізді. Финалда қарсыласы өзінен 9 жас үлкен, 25 жастағы арабтың спортшысы Майта Шэраймды жеңді, деп жазды ҚазАқпарат.

Дубайда өткен осы жарысқа аттанар кезде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, спорттағы жетістігімді айтып, алдағы жоспарларыммен бөліскен едім. Қасым-Жомарт Кемелұлы жарыстарыма сәттілік тілеп, маған қанат бітірді. Президентпен кездесу мен үшін үлкен мотивация болды және керемет әсер алдым. Осы кездесуден кейін жігерленіп, Дубайда өтетін Джиу-джитсудан халықаралық жарысқа аттандым, - деп жазды Жібек Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары