$ 495.2  522.34  4.94

Қар аралас жаңбыр жауады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Күшті жел соғып, күн күркірейді.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

12-14 қыркүйекте республиканың көп бөлігінде күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстанда күшті жел соғып, күн күркіреп, жаңбыр жауады. 12 қыркүйекте республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 13-23 градустан 15-25 градусқа дейін, солтүстікте 10-15-тен 12-17 градусқа дейін, орталығында 10-23 градустан 12-23-ке дейін көтеріледі. Негізгі ауа температурасы күндіз батыста 18-25 градус, оңтүстікте – 22-30, оңтүстік-шығыста – 18-27, таулы аудандарда – 7-12 градус жылы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары