$ 443.72  482.28  4.9

Қарағандыда алаяқ жоқ пәтерлерді жалға беріп, түскен ақшаға құмар ойын ойнаған

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Полицияға Қарағанды қаласының үш тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғаны туралы хабарлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғысы әлеуметтік желілердің бірінен жалға пәтер беру туралы хабарлама көрген. Жәбірленуші аталған пәтерді жалға аламын деп хабарлама берген адамға алдын ала 10 мың теңге ақша жіберген. Кейін, сол үйге келіп кірмекші болғанда ол жерде басқа адамдардың тұрып жатқаны анықталған.

Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы және Қарағанды қалалық полиция басқармасының киберпол қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласынан 23 жастағы күдіктіні қолға түсірді, - деп мәлім етті полициядан.

Күдікті пәтер жалға беру туралы жалған хабарлама бергенін және алданып ақша салған жәбірленушілердің ақшаларына букмерлік мекемеде құмар ойындарға тіккені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚК 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары