$ 443.37  474.49  4.83

Теміртау тұрғыны екі мәрте үйленіп, екі әйеліне де АИТВ инфекциясын әдейі жұқтырған

Ол тек күйеуімен ғана жыныстық қатынаста болғанын мәлімдеген.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Ер адамның қасақана әрекеті АИТВ жұқтырған әйел тест тапсырған кезде белгілі болды. Қазіргі таңда ауыр дерті барын біле тұра сау әйелдерге ауру жұқтырған қарағандылық қамауға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, 2010 жылы ер адам Қарағанды облыстық ЖИТС орталығында АИТВ жұқтырған адам ретінде ресми түрде есепке алынған.

Бірақ соған қарамастан ол екі рет үйленген және екі жағдайда да әйелдеріне ауыр дертті жұқтырып үлгерген.

АИТВ жұқтырғанын оның әйелі жүктілікке байланысты есепке тұруға келіп, анализ тапсырған кезде бір-ақ білген.

Ол тек күйеуімен ғана жыныстық қатынаста болғанын мәлімдеген.

Тергеу барысында оның күйеуі ЖИТС орталығында есепте тұрғаны анықталды. Тәртіп сақшылары қасақана әрекетке барған ер адамды қамауға алды.

Бүған қоса ЖИТС орталығының қызметкерлері мен тәртіп сақшылары ер адамның бірінші жұбайын іздеп тауып, одан тест тапсыруды өтінген.

Талдау нәтижесі ол кісіде де АИТВ бар екенін растады.

Қазір ол сот үкімін күтіп отыр.

ҚР ҚК-нің 118-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Теміртау қалалық сотында ҚК 118-ші бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралады. Азамат С. 10 жылдан астам уақыт бойы адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыратынын нақты біле тұра, АИТВ таратқаны, жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын түсіне отырып сақтандыру құралдарын пайдаланбай жыныстық қатынасқа түсті. Сонымен қатар, азамат С. АИТВ бар екенін серігіне хабарламаған. Іс жабық сот отырысында қаралады. Үкім шыққан жоқ, - деп хабарлады Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары