11.09.2023, 22:30

КХДР басшысы Ким Чен Ын Ресейге сапармен бармақ

Фото: bloomberg.com
Оны Владимир Путин арнайы шақырған.

КХДР басшысы Ким Чен Ын Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен жақын күндері Ресейге барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Корей Халық Демократиялық Республикасының Мемлекеттік істер жөніндегі төрағасы Ким Чен Ын таяу күндері Ресей Федерациясына ресми сапармен келеді, - делінген хабарламада.