12.09.2023, 17:00

Шығыс Қазақстанда 8 жасар баланы ит талап тастады

Фото: pixabay
Куәгерлердің айтуынша, иесі қақпа есігін ашық қалдырғанының салдарынан ит сыртқа шығып кеткен.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында баланы ит қауып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай қаласында 8 жасар баланы көршінің иті қауып алған.

Куәгерлердің айтуынша, иесі қақпа есігін ашық қалдырғанының салдарынан ит сыртқа шығып кеткен. Сол жерде бала жалғыз өзі ойнап жүрген. Ит балаға атылып, арқасынан тістеген. Абырой болғанда, бала аман қалды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылған.

Аталған факті бойынша жануар иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы 1-бөлігімен (жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.