Атырауда төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 10 қыркүйекте кешкі сағат 19.30-да болған.
Төрт жасар кішкентай сәби бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Ауыр жарақат алған бала есін жимастан оқиға орнында жан тапсырған, - делінген хабарламада.
Полиция бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттердің орындалмауына қатысты 141-бабына сәйкес алдын ала тергеуді бастады.
Кінәлі тұлғалар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Полицейлер тергеу мүддесін алға тартып, оқиғаның жай-жапсарын жариялаған жоқ.