Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ал Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан өз еркімен берген өтінішіне сәйкес босатылды.