$ 494.87  520.65  4.91

Юлия Путинцева Осака турнирінің ширек финалына шықты

Юлия Путинцеваның ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 88-ракеткасы Юлия Путинцева Осака (Жапония) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 171-орында тұрған ресейлік Валерия Савиныхпен шеберлік байқасты.

Юлия 6:1, 6:2 есебімен оңай жеңіске жетті.

Бір сағат 19 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. В.Савиных 1 эйспен ғана шектелді.

Юлия Путинцеваның ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары