$ 494.87  520.65  4.91

86 млрд теңге: Министрліктер бөлінген қаржыны игермеген

Ең көп қаржы Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында игерілмеген.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар 86 миллиард теңгені игермеген. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, сегіз айда мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ке орындалды.

Республикалық бюджет бойынша сомасы 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. 107 млрд теңге атқарылмады, оның ішінде үнемделгені – 21 млрд теңге. Игерілмегені – 86 млрд теңге, - деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, сондай-ақ ішкі істер министрліктерінде едәуір ірі сомалар игерілмеген.

Оның негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; шарттар, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау және тағы басқалары.

"Жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,7 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны - 131 млрд теңге", - деді вице-премьер.

Сондай-ақ биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферт көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 990 млрд теңге бөлінген. Оның 96,8%-і игерілді. Атқарылмағаны – 32 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 31 млрд теңге игерілмеген.

Ең көп қаржы Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында игерілмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары