Қазақстанның екінші, әлемнің 88-ракеткасы Юлия Путинцева Осака (Жапония) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 171-орында тұрған ресейлік Валерия Савиныхпен шеберлік байқасты.
Юлия 6:1, 6:2 есебімен оңай жеңіске жетті.
Бір сағат 19 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. В.Савиных 1 эйспен ғана шектелді.
Юлия Путинцеваның ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.