Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрқан Сәдуақасов эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылғы 1 қазанда республикада халыққа тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады.
Сондай-ақ құжатта мынадай шаралар көзделген:
- медициналық ұйымдардың кіреберісінде "сүзгілердің" жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктер қою;
- ЖРВИ, тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйге шақыру бойынша бірінші кезекте қызмет көрсету;
- мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгі жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды оқшаулау;
- мектептерде бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылар ЖРВИ-мен ауырса, жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады;
- бір инкубациялық кезең ішінде оқушылардың 30%-і және одан көп ауырса, олар онлайн оқытуға ауыстырылады.