$ 441.58  480  4.86

Қазақстанда құмар ойынға тәуелділер саны қанша

Тәуелділігі бар адамдарға көмек көрсету стигмасын төмендету мақсатында олардың есеп саясатына өзгерістер енгізіледі.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді адамдар саны шамамен 36 мың болуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бірқатар шетелдік ғылыми зерттеулерге сәйкес, әлемде лудоманияның таралуы жер шарындағы ересек тұрғындардың шамамен 3%-ы деп бағаланады, шамамен 12,5%- ы үнемі ойнайды. Сонымен қатар лудоманияның клиникалық өлшемшарттары бар адамдардың тек 8%-ы өздерін құмар ойындарға тәуелді адамдар деп санайды. Қазақстанға математикалық моделдеу кезінде құмар ойындарға тәуелділікпен байланысты проблемаларды мойындайтын адамдардың саны шамамен 36 мың болды, – делінген хабарламада.

Министр тәуелділік профилактикасының ұлттық жүйесінің (химиялық және химиялық емес) жобасын дайындауды тапсырды, оның шеңберінде бірқатар іс-шаралар іске асырылмақ. Тәуелділігі бар адамдарға көмек көрсету стигмасын төмендету мақсатында олардың есеп саясатына өзгерістер енгізіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары