14.09.2023, 15:20

Оралда мектеп оқушысы есірткі таратумен айналысқан (ВИДЕО)

16 жастағы жасөспірім қылмыс үстінде қолға түсті.

Оралда «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 11-сынып оқушысы ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Батыс Қазақстан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Орал қаласының полиция басқармасының қызметкерлері 16 жастағы оқушыны есіртікі таратып жатқан кезде қылмыс үстінде қолға түсірді.

Жасөсірімді тінту кезінде ішінде ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған жасыл түсті изолентамен оралған екі қаптама табылып, тәркіленді. Оның телефонын тексеру кезінде есірткіні жасыру орындарының координаттары анықталды. Координаттың көмегімен ішінде арнайы иісі бар ұнтақ салынған жасыл түсті изолентамен оралған 23 қаптама тәркіленді.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, тәркіленген заттың салмағы 20,18 грамм болатын синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды.  

Енді мектеп оқушысы ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейін тергелетін болады.