$ 494.87  520.65  4.91

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты жазаны жеңілдетуді сұрады

Мерзім өткеннен кейін кез келген тергеу әрекеттері және өндіріс толығымен заңсыз.
Фото: Halyq Uni
Фото: Halyq Uni

Елорда соты Арыстанбек Мұхамедиұлының қылмыстық ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңды бұзып, сотқа дейінгі тергеу мерзімдерін кешіктірді. Мерзім өткеннен кейін кез келген тергеу әрекеттері және өндіріс толығымен заңсыз. Біз 221 миллион 411 мың теңге сомасындағы азаматтық талаппен келіспейміз. Біздің ойымызша, бірінші сатыдағы сот шығын сомасын негізсіз анықтады. Сот келтірілген шығын 155 миллион 100 мың теңге деп есептеді. Оның үстіне, А. Мұхамедиұлының жұбайы сотқа дейінгі тергеу барысында 111 миллион 271 мың теңге сомасындағы шығынды ішінара өтеді. Дегенмен, бізге түсініксіздігі жалпы сомадан бөлек (155 миллион 100 мың теңге) тағы 43 млн теңгеге шығынды өтеуді талап етті. Оның үстіне, келтірілген залалды 4 сотталушы бөліп төлеу керек, яғни әрқайсысына 38 млн теңгеден келеді, - деді А. Мұхамедиұлының адвокаты Әйгерім Әнуарбек сот барысында.

Оның айтуынша, сот шығынды өтеуде дұрыс есептемеген. Сотталушы мен оның адвокаты соттың залалды өтеу шешімімен келіспей отыр.

Бірақ сот түсініксіз жағдайда А. Мұхамедиұлының әйелі Ысқақова өтеген залалды барлық сотталушыға бөліп тастаған. Өтелген сома тек А. Мухамедиұлы үшін төленді. Нәтижесінде Мұхамедиұлы тағы берешек болып отыр, - дейді адвокат.

Сондай-ақ, адвокат Арыстанбек Мухамедиұлының жазасын жеңілдетуді сұрады.

Мен жазаны жеңілдетуді сұраймын. Егер келтірілген шығынның белгілі бір бөлігінің өтелгенін ескерсек, Ысқақова төлеген 72 миллион теңге қалдық сома ретінде кері қайтаруға жатады. Бұл - отбасылық ақша. Бұл жерде аудит бойынша дәйектер нақты емес. Сот барысында Даму аудиторлық компаниясы 2020 жылғы 4 мамырдағы №1 шарттың көшірмесін ұсынды. Шарт аудиториялық компания мен Астананың Антикоры арасында жасалған. Тағы бір жайт, шартқа Антикордың қатардағы қызметкері қол қойған, аудиторлық заң бойынша бірінші басшының қолы болуы керек, - дейді Ә. Әнуарбек.
Бүгін сағат 17:00-де аталған сот отырысы жалғасады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары