Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл туралы 2023 жылғы 14 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді – делінген хабарламада.
ҚР СІМ қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алатынын нақтылады.
Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет. Жарамды жол жүру құжаты ҚР азаматының паспорты болып танылады, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс, делінген хабарламада.
Таиландтың Қазақстан азаматтарына 30 күнге визасыз жүруге рұқсат бергені күні бұрын белгілі болды. Елдің Туризм және спорт министрі Судаван Хоуп Суфакикосон осылайша елдегі кірісті арттыру жоспарланып отырғанын айтты.