14.09.2023, 22:30

Қазақстанда 6 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды

Фото: Pixabay
Қазір екі букмекер кеңсесінің лицензиясын алып қою үшін жұмыс істеліп жатыр.

Елімізде 17 букмекер кеңсесі өз еркімен лицензиясын тапсырған. Сонымен қатар 2023 жылдың басынан 6 букмекер кеңсесі өз еркімен жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, ойын бизнесі субъектілерінің лицензиясын алу бойынша биыл сотқа 14 талап арыз жіберілді. Оларды қарау қорытындысы бойынша 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматы залы қызметін тоқтатты. Қазір екі букмекер кеңсесінің лицензиясын алып қою үшін жұмыс істеліп жатыр.

Сонымен қатар министрлік қазір ойын бизнесін реттеуді күшейтуді және тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы дайындалып жатқанын хабарлады.

Заң жобасы аясында 55 түзету әзірленді. Оның ішінде 16 жаңа реттеуші құрал бар. Олар бойынша басқа министрліктермен келісу процесі болып жатыр және реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі, – деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.