$ 520.39  609.58  6.63

Вандалдар Сальвадордағы жалғыз су сиырын өлтірді

Браконьерлер Сальвадордағы жалғыз су сиырын азаптап өлтірді деп жазады РИА Новости. Алып жануар ұлттық хайуанаттар бағында жұпсыз өмір сүрген.

Орталық Америка елдері үкіметінің мәліметінше, Густавито есімді су сиырын белгісіз вандалдар 21 ақпан күні өлтірген. Жануарды өткір және қатты заттармен ұрып азаптағаны көрініп тұр дейді билік өкілдері. Адамдардың сирек кездесетін хайуанды неліктен мұншама қатыгездікпен өлтіргені әзірге белгісіз.

16 жастағы су сиыры Сальвадорда сақталған жалғыз тұқым болатын. Ол ел астанасы Сан-Сальвадордағы зообақта бірнеше жыл өмір сүрген және жергілікті тұрғындардың сүйікті жануарына айналып үлгерген. Ветеринар дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қалу үшін қанша күш салса да ол нәтиже берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары